11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №305  2016 жылғы 30 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: « 9) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәр­бие­­шілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 30 % »; 2) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: реттік нөмірі 3-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: « 7) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін БЛА-дан 50 % »; 3) көрсетілген қаулыға 12-қосымшада: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 4. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құрылымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай: Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақы 3 жылдан астам 5 жылдан астам 10 жылдан астам 15 жылдан астам 20 жылдан астам ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 % ЛА-дан 30 % ЛА-дан 40 % ЛА-дан 50 % 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ